Құпиялылық және жеке деректерді өңдеу саясаты
Осы Құпиялылық және дербес деректерді өңдеу саясаты https://turar-almaty.kz/ ЖШС-не (бұдан әрі — Әкімші) тиесілі сайттың дербес деректерін және өзге де деректерін өңдеу және пайдалану тәртібін реттейді. Әкімшіге дербес және өзге де деректерді сайт арқылы ұсына отырып, Пайдаланушы осы Құпиялылық саясатында баяндалған шарттарда көрсетілген деректерді пайдалануға келісім беретінін растайды.
Егер Пайдаланушы осы Құпиялылық саясатының шарттарымен келіспесе, ол Сайтты пайдалануды тоқтатуға міндетті.
Сайтты пайдалануды бастағаны, дcемек осы Құпиялылық саясатын сөзсіз қабылдайды дегенді білдіреді.
Жария құжат болып табылатын Құпиялылық саясаттың қолданыстағы редакциясын Әкімші әзірлейді және Құпиялылық саясаты гипермәтіндік сілтемесі бойынша өткен кезде танысу үшін қолжетімді болады https://turar-almaty.kz/kz/policy.html
1. ТЕРМИНДЕР
1.1. Сайт — Интернет желісінде https://turar-almaty.kz/ мекенжайы бойынша орналасқан сайт. Сайтқа және оның жеке элементтеріне (бағдарламалық қамтамасыз ету, дизайнды қоса алғанда) барлық айрықша құқықтар Әкімшіге толық көлемде тиесілі болады. Пайдаланушыға айрықша құқық беру осы Құпиялылық саясатының шарттарына сай емес.
1.2. Пайдаланушы – сайт пайдаланушысы, Сайттағы кері байланыс Формасын пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға.
1.3. Заңнама – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы.
1.4. Дербес деректер – Пайдаланушы кері байланыс Формасын толтыру кезінде немесе сайт функционалын пайдалану процесінде Пайдаланушының өзі ұсынатын дербес деректері.
1.5. Деректер – Пайдаланушы туралы өзге де деректер (Дербес деректер ұғымына кірмейтін).
1.6. Кері байланыс формасы – Пайдаланушы сайт әкімшісіне деректерді беру мақсатында пайдаланушы жеке ақпаратты енгізетін арнайы жолақтар.
1.7. Қызмет (тер) – келісім негізінде Әкімші көрсететін қызметтер.
2. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ
2.1. Әкімші қызмет көрсету және пайдаланушымен өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті дербес деректерді ғана жинайды және сақтайды.
2.2. Дербес деректер мынадай мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін:
2.2.1. Пайдаланушыға қызмет көрсету;
2.2.2. Пайдаланушыны сәйкестендіру;
2.2.3. Пайдаланушымен өзара әрекеттесу;
2.2.4. Пайдаланушыға жарнамалық материалдар, ақпараттар және сауалдар жіберу;
2.2.5. статистикалық және өзге де зерттеулер жүргізу;
2.3. Әкімші сондай-ақ келесі деректерді өңдейді:
2.3.1. тегі, аты және әкесінің аты;
2.3.2. телефон нөмірі (оның ішінде ұялы байланыс).
2.4. Пайдаланушыға сайтта үшінші тұлғаның дербес деректерін көрсетуге тыйым салынады (тек осы тұлғалардың мүдделерін білдіру шарттары болса, осындай әрекеттерді жүзеге асыруға үшінші тұлғалардың Құжаттамалық растамасы бар болса).
3. ДЕРБЕС ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ТӘРТІБІ
3.1. Әкімші дербес деректерді Қазақстан Республикасының «Дербес деректер туралы» Заңына және Әкімшінің ішкі құжаттарына сәйкес пайдалануға міндеттенеді.
3.2. Пайдаланушының дербес деректеріне және өзге де деректеріне қатысты көрсетілген деректер жалпыға қолжетімді болып табылатын жағдайларды қоспағанда, олардың құпиялылығы сақталады.
3.3. Әкімші дербес деректердің архивтік көшірмесін сақтауға құқылы.
3.3.1. Әкімшінің дербес деректерді және деректерді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс серверлерде сақтауға құқығы бар.
3.4. Әкімші Пайдаланушының келісімінсіз дербес деректерді және пайдаланушының деректерін келесі тұлғаларға беруге құқығы бар:
3.4.1. мемлекеттік органдарға, оның ішінде анықтау және тергеу органдарына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына олардың дәлелді сұрау салуы бойынша.
3.4.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген өзге де жағдайларда.
3.5. Әкімші дербес деректерді және деректерді осы Құпиялылық саясатының 3.4-тармағында көрсетілмеген үшінші тұлғаларға келесі жағдайларда беруге құқылы:
3.5.1. Пайдаланушы мұндай әрекеттерге өз келісімін білдірді;
3.5.2. деректерді беру пайдаланушының сайтты пайдалануы немесе пайдаланушыға қызмет көрсету аясында қажет;
3.6. Әкімші Дербес деректер мен деректерді автоматтандырылған өңдеуді жүзеге асырады.
4. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ
4.1. Әкімші заңнамаға сәйкес дербес және өзге де деректерді тиісінше қорғауды жүзеге асырады және дербес деректерді қорғау үшін қажетті және жеткілікті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды.
4.2. Қолданылатын қорғау шаралары, соның ішінде дербес деректерді заңсыз немесе кездейсоқ қолды болуынан, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, таратудан, сондай-ақ олармен үшінші тұлғалардың өзге де заңсыз әрекеттерінен қорғауға мүмкіндік береді.
5. ӨЗГЕ ДЕ ЕРЕЖЕЛЕР
5.1. Осы Құпиялылық саясатына және Құпиялылық саясатын қолдануға байланысты туындайтын пайдаланушы мен Әкімші арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
5.2. Егер қандай да бір себептер бойынша Құпиялылық саясатының бір немесе бірнеше ережелері жарамсыз немесе заңды күші жоқ деп танылса, бұл құпиялылық саясатының қалған ережелерінің жарамдылығына немесе қолданылуына әсер етпейді.
5.3. Әкімші кез келген сәтте құпиялылық саясатын (толық немесе ішінара) пайдаланушының алдын ала келісімінсіз біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Барлық өзгерістер сайтқа орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.
5.4. Пайдаланушы тиісті редакциямен танысу арқылы құпиялылық саясатындағы өзгерістерді өз бетінше бақылауға міндеттенеді.